Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 74 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 сәуірде № 42-18 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 223 қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы әкімдігінің 20.12.2023 № 223 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына, "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. "Абай облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 1-тармақта туындаған құқықтық қатынастар 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.

      Абай облысы әкімі
      Н. Уранхаев

  Абай облысы әкімдігі
2023 жылғы 11 сәуірдегі
№ 74 қаулысына
1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Аймақтың атауы
 

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері

Елді мекен

Тәрбиеле-нушілер саны

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)
 

10,5 сағат-тық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталық-тар

9 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар

10,5 сағаттық болу режимі бар түзету топтары

Абай ауданы

ауыл

675

52 854

-

-

Ақсуат ауданы

ауыл

661

52 507

-

-

Аягөз ауданы

ауыл

100

52 507

-

-

қала

1 962

47 936

-

-

Бесқарағай ауданы

ауыл

150

52 854

-

-

Бородулиха ауданы

ауыл

627

52 680

-

-

Жарма ауданы

ауыл

850

52 680

-

-

Көкпекті ауданы

ауыл

550

52 507

-

-

Курчатов қаласы

қала

485

47 936

-

-

Семей қаласы

қала

11 174

47 936

-

85 505

Үржар ауданы

ауыл

428

-

48 290

-

  Қаулысына
2-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері

Аймақтың атауы

Айына ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері

Тәрбиеленушілер саны

Балабақша / бөбекжай
(3 жасқа дейін / 3 жастан бастап)

Балалар толық күн болатын шағын орталық
(3 жасқа дейін / 3 жастан бастап)

Абай ауданы

794

6 000/ 10 000

5 000/6 000

Ақсуат ауданы

748

15 400/ 16 500

8 000/13 000

Аягөз ауданы

2 574

16 000/ 17 000

16 000/ 17 000

Бесқарағай ауданы

240

11 000/11 000

11 000/11 000

Бородулиха ауданы

974

11 565/ 14 650

11 565/ 14 650

Жарма ауданы

1 194

12 000/ 14 000

7 000/ 8000

Көкпекті ауданы

245

14 500/ 14 500

14 500/ 14 500

Курчатов қаласы

425

13 000/ 13 000

12 000/ 13 000

Семей қаласы

10 829

16 500/18 500

16 500/18 500

Үржар ауданы

1 478

7000/14000

7 000/14 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады