Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командалардың (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Абай облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командалардың (ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Абай облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушылары мен клуб командаларының басшыларына ай сайынғы ақшалай қамтылым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 99 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 25 мамырда № 80-18 болып тіркелді

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 20-4) тармақшасына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командалардың (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Абай облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командалардың (ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Абай облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушылары мен клуб командаларының басшыларына ай сайынғы ақшалай қамтылым төлемдерінің мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) әкімдіктің осы қаулысын Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) әкімдіктің осы қаулысын Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Әкімдіктің осы қаулысының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы әкімі
      Н. Уранхаев

  Абай облысы әкімдігі
2023 жылғы 23 мамырдағы
№ 99 қаулысына
қосымша

Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командалардың (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Абай облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командалардың (ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Абай облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушылары мен клуб командаларының басшыларына ай сайынғы ақшалай қамтылым төлемдерінің мөлшері

Спорттық жарыстардың атауы

Жүлде орын

Спортшыларға төлем мөлшері (АЕК)

Жаттықтырушыларға төлем мөлшері (АЕК)

1.

Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

1 орын

250

50

2 орын

200

40

3 орын

150

30

4 орын

120

0

5 орын

100

0

6 орын

80

0

2.

Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

1 орын

100

20

2 орын

75

15

3 орын

50

10

3.

Ересектер арасындағы әлем чемпионаты (жазғы, қысқы)

1 орын

100

20

2 орын

80

15

3 орын

60

10

4.

Азия ойындары (жазғы, қысқы)

1 орын

100

0

2 орын

80

0

3 орын

60

0

5.

Дүниежүзілік Универсиада, көшпенділер ойындары, құрлықтық ойындар, жасөспірімдер олимпиадасы (жазғы, қысқы)

1 орын

60

0

2 орын

40

0

3 орын

20

0

6.

Юниорлар, жастар, кадеттер, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты (жазғы, қысқы)
 

1 орын

50

0

2 орын

35

0

3 орын

20

0

7.

Азия чемпионаты, Әлем кубогы, ересектер арасындағы Әлем кубогының кезеңдері (жазғы, қысқы)
 

1 орын

80

0

2 орын

60

0

3 орын

40

0

8.

Юниорлар, жастар, кадеттер, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты, "Азия балалары" халықаралық спорт ойындары (жазғы, қысқы)

1 орын

30

0

2 орын

20

0

3 орын

10

0

9.

Азия кубогы, ересектер арасындағы Еуропа Кубогы (жазғы, қысқы)

1 орын

40

0

2 орын

20

0

3 орын

10

0

10.

Әлем кубогы, Әлем кубогының кезеңдері, Азия кубогының кезеңдері, жасөспірімдер, жастар, кадеттер арасындағы Еуропа кубогының кезеңдері (жазғы, қысқы)

1 орын

20

0

2 орын

15

0

3 орын

10

0

11.

Қазақстан Республикасының чемпионаты, Қазақстан Республикасының спартакиадасы, Қазақстан Республикасының Паралимпиада ойындары, ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының Сурдлимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

1 орын

40

0

2 орын

30

0

3 орын

20

0

12.

Жасөспірімдер, жастар, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты, Қазақстан Республикасының Жастар спорт ойындары (жазғы, қысқы)

1 орын

20

0

2 орын

15

0

3 орын

10

0

13.

Азия ойындары, Азия ойындары жабық үй-жайларда (жазғы, қысқы)

1 орын

40

0

2 орын

30

0

3 орын

20

0

14.

Ересектер арасындағы әлем чемпионаты (жазғы, қысқы)

1 орын

50

0

2 орын

40

0

3 орын

30

0

15.

Азия чемпионаты, Еуропа чемпионаты, Әлем кубогы, Азия кубогы, ересектер арасындағы Еуропа кубогы (жазғы, қысқы)

1 орын

40

0

2 орын

30

0

3 орын

20

0

16.

Әлем чемпионаты, Азия чемпионаты, Еуропа чемпионаты, Әлем кубогы, Азия кубогы, Жастар арасындағы Еуропа кубогы (жазғы, қысқы)

1 орын

20

0

2 орын

15

0

3 орын

10

0

17.

Ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты (жазғы, қысқы)

1 орын

30

0

2 орын

20

0

3 орын

10

0

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АЕК – айлық есептік көрсеткіш.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады