Абай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 65 "Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 19 қазандағы № 184 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 қазанда № 136-18 болып тіркелді

      Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы" Абай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30625 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) қаулының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 15-бабының 11) тармақшасына, 63-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      2) 1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Абай облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың жыл сайын орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде өрт қауіпті маусымда болуына тыйым салынсын.

      Ауа райы жағдайлары бойынша ормандардағы жоғары өрт қауіптілігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12351 болып тіркелген) бекітілген ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес айқындалады.".

      2. "Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Абай облысы Әділет департаментінде мемлекттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы әкімі
      Н. Уранхаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады