Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 80 "2023 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 қарашадағы № 203 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 қарашада № 163-18 болып тіркелді.

      Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 80 "2023 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 52-18 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген 63-тармағына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      2) 1-қосымшасы:

      29-тармағы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

29.

"PLANSTAR 12-43+2MGO+7SO3+0.05 CU+1 MN+0.2ZN

P2O5-12, N-43, Mgo-2, SO3-7, Cu-0.05, Mn-1, Zn-0.2

420 000,0

тонна";

      мынадай мазмұндағы 497, 498, 499, 500, 501-тармақтарымен толықтырылсын:

497.

"AGRI-FOLIAR минералды тыңайтқышы

N-5,2%; B-0,102%; SO2-3,6%; Mn-0,512%; Zn- 0,816%; Mo-0,022%; Cu-0,100%; Fe-0,110%

2250,00

литр

498.

AGRI B минералды тыңайтқышы

N-3,2%; B-10%

2100,00

литр

499.

PLANTROOT минералды тыңайтқышы

N-12%

5300,00

литр

500.

AGRI-PH минералды тыңайтқышы

N-3,8%; P2O5-15,4%

2750,00

литр

501.

"PLANSTAR 10–45 + 7 SO3 + 1 FE +
0.6 MN + 0.5 ZN" минералды тыңайтқышы

N-10%; P2O5-45%; SO3-7%; Fe-1%; Mn- 0,6000%; Zn-0,5000%

835,00

килограмм";

      3) 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Абай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы әкімі
      Н. Уранхаев

  Абай облысы әкімдігі
2023 жылғы 21 қарашадағы
№ 203 Қаулысына
қосымша
Абай облысы әкімдігінің
2023 жылғы 21 сәуірдегі
№ 80 қаулысына
2-қосымшасы

2023 жылға арналған тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдері

Р/с №

Бюджет түрі

Субсидия көлемі, теңге

1.

Жергілікті

653 000 000

2.

Республикалық

314 699 000


Барлығы

967 699 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады