Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайлар мен кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Семей қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 793 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Семей қаласының барлық кандидаттары үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы";
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, осы қаулының қосымшасына сәйкес барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін";
көрсетілген қаулының 2-тармағы мен 2-қосымшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Абай облысы Семей қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Семей қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Н. Нурсагатов |
Семей қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 128 қаулысына қосымша |
Семей қаласының барлық кандидаттары үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№ | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |
1 | Семей қаласы |
Шәкәрім даңғылы, "Восход" базарының ауданында; |
Абыралы ауылдық округі, Абыралы ауылы | "Абыралы жалпы негізгі білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жаны, Абыралы көшесі, 30 | |
3 | Айнабұлақ ауылдық округі, Айнабұлақ ауылы | "Ақбұлақ жалпы негізгі білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жаны, Айнабұлақ көшесі, 17925 |
4 | Ақбұлақ ауылдық округі, Ақбұлақ ауылы | "Ақбұлақ жалпы негізгі білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жаны, Ақбұлақ көшесі, 92 |
5 | Алғабас ауылдық округі, Алғабас ауылы | "Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жаны, Ленин көшесі, 2 |
6 | Достық ауылдық округі, Шақаман ауылы | Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Семей қаласының № 9 емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының "Шақаман ауылының дәрігерлік амбулаториясы" мекемесі ғимаратының жаны, Елшібаев көшесі, 15 (келісім бойынша) |
7 | Жиенәлі ауылдық округі, Бөкенші ауылы | "Жиенәлі ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Бөкенші ауылының мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жаны, Ш. Уәлиханов көшесі, 24а |
8 | Көкентау ауылдық округі, Көкентау ауылы | "Көкентау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жаны, Нұртөлеу Майтханов көшесі, 27 |
9 | Ертіс ауылдық округі, Мұкыр ауылы | Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Семей қаласының № 9 емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының "Мұқыр ауылының дәрігерлік амбулаториясы" мекемесі ғимаратының жаны, Центральная көшесі, 3 "Б" (келісім бойынша) |
10 | Қараөлең ауылдық округі, Қайнар ауылы | "Қараөлең ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Қайнар ауылының мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жаны, Қайнар көшесі, 25 /1 |
11 | Новобаженово ауылдық округі, Новобаженово ауылы | Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Семей қаласы Новобаженово ауылының "Гармония" ауылдық амбулаториясы" мекемесі ғимаратының жаны, Школьная көшесі, 2 (келісім бойынша) |
12 | Озерки ауылдық округі, Озерки ауылы | "Озерки ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Озерки ауылының клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жаны, Комсомольская көшесі, 29 |
13 | Приречный ауылдық округі, Приречное ауылы | Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының "Приречный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жаны, Желтоқсан көшесі, 29 |
14 | Приречный ауылдық округі, Жарқын ауылы | "Приречный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Жарқын ауылының клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жаны, Жарқын көшесі, 9 "А" |
15 | Шүлбі кенті | "Профилакторий Шульбинский" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жаны, 2-ықшам ауданы, 2 (келісім бойынша) |
16 | Шаған кенті | "Шаған кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жаны, Станционная көшесі, 14 |