Сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайлар мен кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 793 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 мамырда № 5918 болып тіркелді

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 20.02.2023 № 128 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағының негізінде, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, осы қаулының қосымшасына сәйкес барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 20.02.2023 № 128 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Алынып тасталды - Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 20.02.2023 № 128 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі, Семей қаласының ауылдық округтері және кенттерінің әкімдері:

      1) барлық кандидаттардың тең құқығын қамтамасыз ету жағдайында үгіт баспа материалдарын орналастыруды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін, үй-жайларды бірдей және тең жағдайда ұсынуды қамтамасыз етсін;

      2) белгіленген орындарды үгіт материалдарын орналастыру үшін стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.

      4. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру - инспекторлық жұмыс бөлімі Қазақстан Республикасы заңнамасындағы белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау мен енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Семей қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялау үшін жолдауды;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Семей қаласының әкімі Е. Сәлімов
      КЕЛІСІЛДІ:
      Семей қаласы аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы З. Тоқаев

      "26" сәуір 2019 жыл

  Семей қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "4" мамырдағы
№ 793 қаулысына 1 қосымша

Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізімі

      Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 07.11.2024 № 1021 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

1.

Құтжанов көшесі, 1, № 29 ЖОББМ жанында

2.

Қашағанов көшесі, 1, университет спорт кешенінің жанында

3.

35 квартал, 18 Г, ОДА № 4 жанында

4.

Ағайынды Мусиндер көшесі, 19, № 31 ЖОББМ жанында

5.

Абай көшесі, 73, Балалар мен жастар шығармашылығы сарайы жанында

6.

Посмаков көшесі, 70, Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік филиалының жанында

7.

Қ. Мұхамедханов көшесі, "Орталық алаң" аялдамасы ауданында

8.

Абай Құнанбаев көшесі, "Медицина Университеті" аялдамасы ауданында

9.

Дулатов көшесі, "Жансая" аялдамасы ауданында

10.

Әуезов даңғылы, "Новостройка" аялдамасы ауданында

11.

З. Белібаев көшесі, 34, "Дальняя" аялдамасы ауданында

12.

Восточный кенті, "Қамбар" сауда үйінің ауданында

13.

Центральная көшесі, "Бобровка" аялдамасы ауданында

14.

Глинки көшесі, 16 А, "Көктем" сауда орталығы ауданында

15.

Шәкәрім даңғылы, "Орталық" аялдамасы ауданында

16.

Селевин көшесі, 24, № 35 ЖОББМ жанында

17.

Қ. Мұхамедханов көшесі, 40, Көлік колледжінің жанында

18.

Юность көшесі, 80 А, "Ертөстік" балабақшасының жанында

19.

Юность көшесі, 25/1, "Наурыз" сауда орталығының жанында

20.

Парк аллеясы көшесі, 1, Құрылыс колледжінің жанында

21.

Байтұрсынов көшесі, 38/1, № 5 көпсалалы гимназияның жанында

22.

Пржевальский көшесі, 16 А, № 38 мектеп-лицейінің жанында

23.

Б. Момышұлы көшесі, 57, № 28 ЖОББМ жанында

24.

Молодогвардейская көшесі, 48/1, № 33 ЖОББМ жанында

25.

Ұшақтар шағынауданы, 1, № 49 ЖОББМ жанында

26.

Спартак көшесі, 1, № 11 ЖОББМ жанында

27.

6-линия көшесі, 18 А, № 47 ЖОББМ жанында

28.

Левый Восточный кенті, 290 А, № 45 ЖОББМ жанында

29.

Ш. Уәлиханов көшесі, 150, Педагогикалық колледждің жанында

30.

Степной кенті 13/1, № 46 ЖОББМ жанында

      ЖОББМ - жалпы орта білім беретін мектеп

      ОДА - отбасылық дәрігерлік амбулатория

  Семей қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "4" мамырдағы
№ 793 қаулысына 2 қосымша

Сайлау өткізу кезеңінде шарттық негізде кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі өткізілетін үй-жайлардың тізімі

      Ескерту. 2 қосымша алынып тасталды - Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 20.02.2023 № 128 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады