Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 19 сәуірдегі № 29/153-V "Семей қаласының кент және ауылдық округтерінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 10 қарашадағы № 12/74-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 16 қарашада № 148-18 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 19 сәуірдегі № 29/153-V "Семей қаласының кент және ауылдық округтерінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3347 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Р. Сабитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады