Семей қаласының кент және ауылдық округтерінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 19 сәуірдегі № 29/153-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 мамырда № 3347 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 10 қарашадағы № 12/74-VIII шешімі

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 10.11.2023 № 12/74-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Казақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" каулысына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Семей қаласының кент және ауылдық округтерінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қалалық мәслихат


сессиясының төрағасы

Б. Тастекеев





Қалалық мәслихаттың


хатшысы

Б. Ақжалов


  Семей қаласы мәслихатының
2014 жылғы 19 сәуірдегі № 29/153-V
шешімімен бекітілген

Семей қаласының кент және ауылдық округтерінде бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізу және ауылдық округтерінде бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті
қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын
үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Семей қаласының кент және ауылдық округтерінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және ауылдық округтерінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Казақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" каулысына сәйкес әзірленді және бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарды өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Семей қаласының кент және ауылдық округтерінде бөлек жергілікті бөлек жиындарын өткізу қағидасы (бұдан әрі –бөлек жиын) кент, ауылдық округтер аумағында өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды кент,ауылдық округтің әкімі шақырады.

      Семей қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді кенттің және ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардан тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды ауылдық округі, кент әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауылдық округ, кент әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын 100 тұрғыннан 1 өкілі құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидасы негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны сәйкесінше кент және ауылдық округінің хатшысы әкім аппаратына береді

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады