Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Семей қаласы мәслихатының "Семей қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 18/115-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекетттік тіркеу тізілімінде № 5226 болып тіркелген), шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабына, Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:";
көрсетілген шешімге қосымшаның 2 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу (бұдан әрі – оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу "Абай облысы Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүгедектігі бар баланың үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.";
көрсетілген шешімге қосымшаның 4 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласы мәслихатының төрағасы | |
Д. Шакаримов |