Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 767 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн анықтау туралы" қаулысын күшін жою туралы

Жаңа

Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 1076 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 желтоқсанда № 200-18 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн анықтау туралы" 2016 жылғы 13 мамырдағы № 767 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4602 болып тіркелген) күші жойылсын.

      2. "Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жариялағаннан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет– ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы Семей қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Семей қаласы әкімі
      Н. Нурсагатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады