Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсуат аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақсуат ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес, айқындалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | |
Ж. Оразгалиев |
2023 жылғы 23 мамырдағы № 4/12-VIII шешіміне қосымша |
Ақсуат ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері
1. Осы Ақсуат ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.
2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде (Ақсуат ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
3. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.
5. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
6. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу үшін өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе "электронды үкімет" веб-порталы ( бұдан әрі – портал) осы Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес " Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Өтініш беруші оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу өтеу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арғылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және шығындарды өтеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.
7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері оқу жылы ішінде ай сайын әрбір мүгедектігі бар балаға төрт айлық есептік көрсеткішке тең.
8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алудан бас тарту негіздері Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.