Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 2-тармағына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы №31/209-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5-6-188 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аягөз аудандық мәслихат төрағасы | |
А. Ибрайшин |