Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабы 3) тармақшасына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысы Бесқарағай ауданы Жетіжар ауылдық округінің Кривинка ауылының шекарасы (шегі) 9424,9853 гектар жалпы алаңымен белгіленсін.
2. Абай облысы Бесқарағай ауданы Жетіжар ауылдық округінің Лесной ауылының шекарасы (шегі) 5543,1502 гектар жалпы алаңымен белгіленсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Бесқарағай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен Бесқарағай ауданы әкімдігінің қаулысы мен мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аким Бескарагайского района | |
Т. Муратов | |
Бесқарағай аудандық мәслихатының төрағасы | |
М. Абылгазинова |