Абай облысы Бесқарағай ауданының кейбір ауылдарының шекараларын (шегін) белгілеу туралы

Жаңа

Абай облысы Бесқарағай ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 146 бірлескен қаулысы және Бесқарағай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/6-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 5 мамырда № 66-18 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабы 3) тармақшасына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бесқарағай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Абай облысы Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округінің Башкөл ауылының шекарасы (шегі) 9765,9907 гектар жалпы көлемімен белгіленсін.

      2. Абай облысы Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің Глуховка ауылының шекарасы (шегі) 3223,7246 гектар жалпы көлемімен белгіленсін.

      3. Абай облысы Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің Стеклянка ауылының шекарасы (шегі) 1527,3174 гектар жалпы көлемімен белгіленсін.

      4. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуына бақылау жасау Бесқарағай ауданы әкімінің басшылық ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аким Бескарагайского района
      Т. Муратов
      Бесқарағай аудандық мәслихатының төрағасы
      М. Абылгазинова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады