Абай облысы Бесқарағай ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Абай облысы Бесқарағай ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 5 шілдедегі № 195 бірлескен қаулысы және Бесқарағай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 шілдедегі № № 4/18-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 13 шілдедегі № 99-18 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1-бабының 2-1- тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 42 "Уақытша жер пайдалану құқығымен Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін, шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін болуы мүмкін республиканың және бір әкімшілік ауданның (қаланың), облыстың шегінде ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Бесқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Абай облысы Бесқарағай ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің қоса берілген ең жоғары мөлшері айқындалсын.

      2. "Абай облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) Абай облысы Әділет департаментінде осы бірлескен қаулы мен шешімді мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен қаулы мен шешім оны ресми жариялағаннан кейін, Бесқарағай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуына бақылау жасау Бесқарағай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аким Бескарагайского района
      Т. Муратов
      Бесқарағай аудандық мәслихатының төрағасы
      М. Абылгазинова

  Бесқарағай аудындық әкімдігі
2023 жылғы 5 шілдедегі № 195
мен
2023 жылғы 5 шілдедегі № 4/18-VIII
Бірлескен қаулысы мен
шешіміне қосымша

№ р/с

 
Атауы

 
Жер телімінің ауданы, гектар

1

2

3

1

Абай облысы Бесқарағай ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің шекті мөлшері

 
700,0

2

Абай облысы Бесқарағай ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің шекті мөлшері

 
2000,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады