Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы

Жаңартылған

Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 33 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 21 ақпанда № 25-18 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Үржар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы №169 "Үржар ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 5958 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Үржар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Үржар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау "Үржар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Үржар ауданының әкімі
      Н. Токсеитов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Үржар аудандық

      аумақтық сайлау комиссиясы

  Үржар ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 20 ақпандағы
№ 33 қаулысына
қосымша

Үржар ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің 09.09.2024 № 208 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Алтыншоқы ауылдық округі


Алтыншоқы ауылы

Тұран көшесі № 12 мекенжайы бойынша орналасқан "Қазпошта" акционерлік қоғамы филиалының Үржар аудандық пошта байланыс торабының Алтыншоқы ауылдық пошта байланыс бөлімшесі ғимаратының жанындағы стенд

Лайбұлақ ауылы

М. Мұқаш көшесі № 22 А мекенжайы бойынша орналасқан "Қазпошта" акционерлік қоғамы филиалының Үржар аудандық пошта байланыс торабының Лайбұлақ ауылдық пошта байланыс бөлімшесі ғимаратының жанындағы стенд

Айтбай ауылы

О. Серікболов көшесі № 10 мекенжайы бойынша орналасқан Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Айтбай ауылының фельдшерлік – акушерлік пункті ғимаратының жанындағы стенд

Текебұлақ ауылы

М. Айкешов көшесі № 29 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің жанындағы стенд

Ақжар ауылдық округі


Ақжар ауылы

Абылайхан даңғылы № 28 А мекенжайы бойынша орналасқан үйдің жанындағы стенд

Қарамойыл ауылы

Абай көшесі № 2 мекенжайы бойынша орналасқан "Фемили" дүкенінің жанындағы стенд

Амангелді ауылы

Западная көшесі № 5 А мекенжайы бойынша орналасқан үйдің жанындағы стенд

Елтай ауылдық округі


Елтай ауылы

Қабанбай көшесі № 4 мекенжайы бойынша орналасқан Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Елтай ауылының дәрігерлік амбулатория ғимаратының жанындағы стенд, Бұхар көшесі № 105 мекенжайы бойынша орналасқан Жедел басқару құқығындағы "Үржар ауданы әкімдігінің "Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Елтай ауылдық клубы ғимаратының жанындағы стенд, Бұхар көшесі № 107 мекенжайы бойынша орналасқан "Нұржан" дүкенінің жанындағы стенд

Бестерек ауылдық округі


Бестерек ауылы

Ардагерлер көшесі № 33 мекенжайы бойынша орналасқан "Мұрат" дүкенінің жанындағы стенд

Қазымбет ауылы

Қ. Рысқұлбеков көшесі № 58 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің жанындағы стенд

Ер Қабанбай ауылы

Қашаубаев көшесі № 26 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің жанындағы стенд

Салқынбел ауылдық округі


Сегізбай ауылы

Ұлы Отан Соғысы Ардагерлері көшесі
№ 50 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің жанындағы стенд

Қарабұйрат ауылы

Ұлы Отан Соғысы Ардагерлері көшесі
№ 23 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің жанындағы стенд

Көлденең ауылдық округі


Көлденең ауылы

Ардагерлер көшесі № 43 В мекенжайы бойынша орналасқан Жеңіс күніне арналған ескерткіштің жанындағы стенд

Егінсу ауылдық округі


Егінсу ауылы

Әуезов көшесі № 23 мекенжайы бойынша орналасқан "Ақат" дүкенінің жанындағы стенд

Жанай ауылы

Желтоқсан көшесі № 14 мекенжайы бойынша орналасқан "Камал" дүкенінің жанындағы стенд

Барқытбел ауылдық округі


Барқытбел ауылы

Мир көшесі № 33 А мекенжайы бойынша орналасқан "Тимур" дүкенінің жанындағы стенд

Батпақты ауылы

Подгорная көшесі № 21 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің жанындағы стенд

Некрасовка ауылы

К. Маркс көшесі № 7 А мекенжайы бойынша орналасқан "Асем" дүкенінің жанындағы стенд

Благодатное ауылы

В. Ленин көшесі № 40 мекенжайы бойынша орналасқан "Думан" дүкенінің жанындағы стенд

Жаңа тілек ауылдық округі


Жаңа тілек ауылы

Бейбарыс Сұлтан көшесі № 21 мекенжайы бойынша орналасқан "Айерке" дүкенінің жанындағы стенд, Бейбарыс Сұлтан көшесі № 23 мекенжайы бойынша орналасқан "Жанна" дүкенінің жанындағы стенд, Бейбарыс Сұлтан көшесі № 25 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің жанындағы стенд

Тасарық ауылы

С. Сейфуллин көшесі № 13, № 15 мекенжайлары бойынша орналасқан үйлердің жанындағы стендтер, Н. Байкенов көшесі № 24 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің жанындағы стенд

Науалы ауылдық округі


Науалы ауылы

О. Рахметов көшесі № 17, № 40 мекенжайлары бойынша орналасқан үйлердің жанындағы стендтер

Малақ ауылы

Амангелді көшесі № 40 мекенжайы бойынша орналасқан "Рахат" дүкенінің жанындағы стенд

Қарақол ауылдық округі


Қарақол ауылы

Ә. Әзербаев көшесі № 11 мекенжайы бойынша орналасқан Жедел басқару құқығындағы "Үржар ауданы әкімдігінің "Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Қарақол ауылдық клубы ғимаратының жанындағы стенд

Сағат ауылы

А. Заманбеков көшесі № 24 мекенжайы бойынша орналасқан "Эльмира" дүкенінің жанындағы стенд

Қоңыршәулі ауылдық округі


Таскескен ауылы

Ж. Балғабаев көшесі № 56 В мекенжайы бойынша орналасқан үйдің жанындағы стенд, Нұрғазин көшесі № 9 А мекенжайы бойынша орналасқан "Қоңыршәулі ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Әуэзов көшесі № 1 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің жанындағы стенд, Ардагерлер көшесі № 1 мекенжайы бойынша орналасқан Абай облысы білім басқармасының "Үржар колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

Шолпан ауылдық округі


Шолпан ауылы

Ғ. Құлахметов көшесі № 3, № 23 мекенжайлары бойынша орналасқан үйлердің жанындағы стендтер
 

Көкөзек ауылдық округі


Көкөзек ауылы

Абай көшесі № 68 мекенжайы бойынша орналасқан "Айнұр" дүкенінің жанындағы стенд

Жоғарғы Егінсу ауылдық округі


Жоғарғы Егінсу ауылы

Қабанбай көшесі № 15 мекенжайы бойынша орналасқан "Саябақ" дүкенінің жанындағы стенд

Үржар ауылдық округі


Үржар ауылы

Абылайхан даңғылы № 76 мекенжайы бойынша орналасқан "Қуаныш" базарының жанындағы стенд, Абылайхан даңғылы № 89 мекенжайы бойынша орналасқан "Еркетай" сауда үйінің жанындағы стенд, Абылайхан даңғылы № 118 мекенжайы бойынша орналасқан "Русалина" дүкенінің жанындағы стенд

Қызылту ауылы

С. Сұртаев көшесі № 13 мекенжайы бойынша орналасқан ескі мектеп ғимаратының жанындағы стенд

Бұрған ауылы

Орталық көшесі № 61 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің жанындағы стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады