Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1 бабының 2 тармағына, 68 бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
А. Омаров |
2023 жылғы 26 сәуірдегі № 2-32/VIII шешіміне 1 қосымша |
Тұрғын үй сертификатының мөлшері
1. Әлеуметтік көмек түрі ретінде қарыз сомасының 10 % алайда 1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден артық емес.
2. Әлеуметтік қолдау түрі ретінде қарыз сомасының 10 % алайда 1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден артық емес.
2023 жылғы 26 сәуірдегі № 2-32/VIII шешіміне 2 қосымша |
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда – Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 10.07.2024 № 15-295/VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Атауы |
1 | Ұлы Отан соғысының ардагерлері |
2 | Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер |
3 | Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері |
4 | Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар |
5 | Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар |
6 | Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар |
7 | Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер |
8 | Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады |
9 | Қандастар |
10 | Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар |
11 | "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар |
12 | Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары |
13 | Толық емес отбасылар |
2023 жылғы 26 сәуірдегі № 2-32/VIII шешіміне 3 қосымша |
Үржар аудандық мәсихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
"Үржар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 54-676/VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7623 болып тіркелген), соның ішінде:
1) Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі "Үржар ауданы бойынша тұратын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" № 54-676/VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2022 жылғы 30 наурыздағы № 14-220/VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27378 болып тіркелген);
2) Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі "Үржар ауданы бойынша тұратын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 54-676/VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2022 жылғы 5 қазандағы № 18-301/VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30287 болып тіркелген).