Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Үржар аудандық мәслихатының "Үржар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 2-32/VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 57-18 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үржар аудандық мәслихатының төрағасы | |
А. Омаров |
Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 шілдедегі № 15-295/VIII шешіміне қосымша Үржар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 2-32/VIII шешіміне 2 қосымша |
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
№ | Атауы |
1 | Ұлы Отан соғысының ардагерлері |
2 | Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер |
3 | Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері |
4 | Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар |
5 | Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар |
6 | Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар |
7 | Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер |
8 | Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады |
9 | Қандастар |
10 | Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар |
11 | "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар |
12 | Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары |
13 | Толық емес отбасылар |