Үржар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 5-113/VIII "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 7-177/VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 6 желтоқсанда № 179-18 болып тіркелді.

      Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Үржар аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 5-113/VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 124-18) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген 1-қосымшада:

      6-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының Конституция күні - 30 тамыз:

      18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне) - 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде.";

      6-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) Тәуелсіздік күні - 16 желтоқсан:

      бұрынғы КСР Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргіндерді кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануында болған тұлғаларға - 25 000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде;

      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде (жай адамдар мен әскери қызметшілерді) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыпталуынша сотталған тұлғаларға - 25 000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде;

      Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшін шақырылғаннан кейін қуғын-сүргіндерде болған тұлғаларға - 25 000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде;

      қуғын-сүргіндерді орталық одақтық органдар: КСР Одағының Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, СКР Одағының Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, КСР Одағының Ішкі істер халық комиссариаты - Мемлекет Қауіпсіздігі министрлігі - Ішкі істер министрлігі жанындағы айрықша кеңестің, КСР Одағының Прокуратурасы мен КСР Одағының ішкі істер халық комиссариатының Тергеу Істері жөніндегі комиссиясының және басқа органдар шешімдері бойынша болған тұлғаларға - 25 000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде;

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылған тұлғаларға - 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      КСР Одағы мемлекеттік өкіметтің жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған тұлғаларға - 25 000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде;

      ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балаларына - 25 000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде;

      бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға - 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Үржар аудандық мәслихатының төрағасы
      А. Омаров

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Абай облысының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламаларды
үйлестіру басқармасының басшысы
________________А.Султанова
2023 жылғы "___"___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады