"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 1-НҚ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3790 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Р. Мелдебеков |