"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7 - бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 - бабына сәйкес, Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Жамбыл облыстық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің және Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылғы 06 сәуірдегі №22-8 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3794 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Жамбыл облыстық мәслихатының аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің Жамбыл облыстық мәслихаты аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл облыстық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облыстық | |
мәслихатының төрағасы | А. Нуралиев |