Жамбыл облысы Меркі ауданы Жамбыл ауылдық округінің Плодовоягодное ауылын Жеміс-жидек ауылына қайта атау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 125 бірлескен қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2023 жылғы 1 шілдедегі № 4-6 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 5 шілдеде № 5062 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 30 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жамбыл облысы Меркі ауданы Жамбыл ауылдық округінің Плодовоягодное ауылы Жеміс-жидек ауылына қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының
      әкімі Н. Нуржигитов
      Жамбыл облыстық
      мәслихатының төрағасы А. Нуралиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады