Тараз қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 16 маусымдағы № 4-7 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 маусымда № 5045 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы №787 қаулысына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Тараз қаласы бойынша жатақханаларды, қонақ үйлерді, жалдамалы тұрғын үйлерді қоспағанда, шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – оларды орналастыру орындарында тәулігіне болу құнының 5 (бес) пайызы бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тараз қалалық
      мәслихатының төрағасы К. Олжабай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады