Тараз қаласы бойынша мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 22 тамыздағы № 3279 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 28 тамызда № 5074 болып тіркелді

      "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тараз қаласы бойынша мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Мәдени, спорттық ғимараттар мен құрылыстар аумағында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін "Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен әзірленген конструкциялар эскиздері қолданылсын.

      3. Тараз қаласының мәдени-тарихи келбетіне кері әсерін тигізбеу мақсатында, мәдени, спорттық ғимараттар мен құрылыстар аумағында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын қалалық жолаушылар көлігінің ғимараттарында, қоршауларында, аялдамаларында, жарықтандыру тіректерінде және ағаштарда орналастыруға жол берілмесін.

      4. "Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

      3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдауын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өтен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тараз қаласының әкімі Б. Орынбеков

  Тараз қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 22 тамыздағы
№ 3279 қаулысына
қосымша

Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі

Афишалар орналастыруға арналған орындар тізбесі

1

Жамбыл даңғылы, "Автобекет" аялдамасының оң жағында

2

Қаныш Сәтпаев көшесі, "Нұралы" базарының негізгі кіре берісіне қарама-қарсы

3

Мамбет батыр көшесі, "Бек" базары аялдамасының сол жағында

4

Мамбет батыр көшесі, 3/7, "Ғани" шағын-маркет ғимаратының сол жағында

5

"Аса" шағын ауданы, 36 "Е", "Сұлтан" базарының негізгі кіре берісіне қарама-қарсы

6

Саңырақ батыр көшесі, "Жібек жолы" базарының негізгі кіре берісіне қарама-қарсы

7

Сыпатай батыр көшесі, "Гранд базар" ғимаратына қарама-қарсы

8

Бауыржан Момышұлы көшесі, "Молочная" аялдамасының сол жағында

9

Бауыржан Момышұлы көшесі, "Самал" аялдамасының сол жағында

10

Қазібек би көшесі, 111, "Евразиялық банк" ғимаратына қарама-қарсы

11

Жамбыл даңғылы, 123, "Каспий банк" ғимаратының сол жағында

12

Төлеби көшесі, 64, "Садыхан облыстық консультациялық-диагностикалық медициналық орталығы" ғимаратына қарама-қарсы

13

"Салтанат" шағынауданы, "Лермонтов" аялдамасының сол жағында

14

Сәкен Сейфулин көшесі, Сәкен Сейфулин аялдамасының сол жағында

15

Желтоқсан көшесі, 71, "М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университеті" ғимаратына қарама-қарсы

16

Абай даңғылы, 98, "Қуаныш" сауда орталығы ғимаратына қарама-қарсы

17

Бауыржан Момышұлы көшесі, 2 "Г", "Pasha doner & kebab" жылдам тамақтану орталығына қарама-қарсы

18

Абай даңғылы, 120 "В" "Сбербанк" ғимаратына қарама-қарсы

19

Төле би көшесі, "Март" сауда ойын-сауық орталығы ғимаратына қарама-қарсы

20

"Бәйтерек" шағынауданы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, "KORZINKA" супермаркет ғимаратына қарама-қарсы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады