Байзақ ауданы аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 16 қарашадағы № 342 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 қарашада № 5118 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Байзақ ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Байзақ ауданы аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Байзақ аудандық әкімшілігінің 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 496 "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткiзу үшiн шарттық негізде үй-жайлар беру және барлық кандидаттар үшін үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындарды белгiлеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2345 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Байзақ ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Байзақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Байзақ ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Байзақ ауданының әкімі Б. Казанбасов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Байзақ аудандық

      аумақтық сайлау

      комиссиясы

  Байзақ ауданының әкімі 2023 жылғы 16 қарашадағы № 342 қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар

Елдi мекеннiң атауы

Үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар

1

Абай ауылы

Сармық көшесi № 41, "Алдаш Ата" дүкені ғимаратының оң жағында

2

Аймантөбе ауылы

Маханбетәлі Алашбаев көшесі №32, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Берікқара орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

3

Ақжар ауылы

Сәкен Сейфуллин көшесi №38, "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Байзақ аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқықығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Ақжар фельдшерлік-акушерлік тірегі ғимаратының оң жағында

4

Аққия ауылы

Өмiртай Жексенбиев көшесi №17, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Аққия бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама қарсы

5

Ақтөбе ауылы

Тұрар Рысқұлов көшесi №12 үйдің алдында

6

Ақшолақ ауылы

Тұрғынбек Сапарбаев көшесi №1, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Ақшолақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама қарсы

7

Базарбай ауылы

Нәби Мулдыев көшесi №30, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің А.Пушкин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

8

Байзақ ауылы

Сейдекүл Байдешова көшесi №4, "Dostyq Mart" шағын маркеті ғимаратының сол жағында

9

Ботамойнақ ауылы

Сыдық Абланов көшесі №18 үйдің алдында

10

Бурыл ауылы

Дінмұхамед Қонаев пен Өмірзақ Каримов көшелерінің қиылысында

11

Диқан ауылы

Әлі Күзенбай көшесi №19, "Байзақ ауданы Диқан ауылдық округі әкімі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

12

Дихан-2 ауылы

9 май көшесi №27, "Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Әл-Фараби" атындағы мәдениет үйі коммуналдық қазынашылық мемлекеттік кәсіпорны Диқан ауылдық клубы ғимаратының алдында

13

Жақаш ауылы

Шеке Әйтiмбетов көшесi №46, "Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Әл-Фараби атындағы мәдениет үйі" коммуналдық қазынашылық мемлекеттік кәсіпорны Жақаш ауылдық клубы ғимаратының сол жағында

14

Жаңасаз ауылы

Ақтерек көшесi №10, "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Байзақ аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқықығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Жаңасаз медициналық тірегі ғимаратының оң жағында

15

Жаңатұрмыс ауылы

Жаңбырбай Умиралиев көшесi №33, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Жаңатұрмыс орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

16

Жеңіс ауылы

Мәңгілік ел көшесi №1, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің М.Мәметова атындағы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

17

Жетiбай ауылы

Жамбыл көшесi №10, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Жамбыл атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама қарсы

18

Жібек жолы ауылы

Дінмұхамед Қонаев көшесi №19, "Байзақ ауданы Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

19

Кеңес ауылы

Ерғали Теміртаев көшесi №25, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің №3 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама қарсы

20

Көкбастау ауылы

Қалмаханбет Кұрманбаев көшесi №57, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Айшуақ бөбекжай бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының сол жағында

21

Көкөзек ауылы

Нүркен Абдуалиев көшесi №46, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Т.Ақбозов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

22

Көктал ауылы

Әлия Молдағұлова көшесi №11А, "Байзақ ауданы Көктал ауылы әкімі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама қарсы

23

Қосы батыр ауылы

Қосы батыр көшесi №42А, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Қарасу орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

24

Қосақ ауылы

Астана көшесi №8, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Қосақ негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

25

Қостөбе ауылы

Әулиеата көшесi №42, "Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Әл-Фараби атындағы мәдениет үйі" коммуналдық қазынашылық мемлекеттік кәсіпорны Қостөбе ауылдық клубы ғимаратының алдында

26

Құмжота ауылы

Даңғыл ата көшесi №39, "Алинұр" дүкені ғимаратының сол жағында

27

Қызыл жұлдыз ауылы

Қанымқыз Тортаева көшесі №1, "Байзақ ауданы Қызыл жұлдыз ауылдық округі әкімі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

28

Мәдiмар ауылы

Әлімқұл Сейдалиев көшесi №1, "Байзақ ауданы Ынтымақ ауылдық округі әкімі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

29

Мырзатай ауылы

Жамансары Әмірқұлұлы көшесi №4, "Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Әл-Фараби атындағы мәдениет үйі" коммуналдық қазынашылық мемлекеттік кәсіпорны Мырзатай ауылдық клубы ғимаратының алдында

30

Сарыбарақ ауылы

Жиенбай Қарсақбаев көшесi №27, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Сарыбарақ негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама қарсы

31

Сарыкемер ауылы

Байзақ батыр көшесi №76, "Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Әл-Фараби атындағы мәдениет үйі" коммуналдық қазынашылық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының сол жағында;
Байзақ батыр көшесi №108, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің К.Әзірбаев атындағы саз мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында;
Ағаділ Суханбаев көшесi №257, "Байзақ ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Байзақ су" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ғимаратының алдында;
Зада Әбдікәрімов көшесi №48, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында.

32

Сенкібай ауылы

Қаныш Сәтбаев көшесi №34, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Еңбек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

33

Талас ауылы

Қайрат Рысқұлбеков көшесi №1, "Расул" дүкені ғимаратының сол жағында

34

Талас станциясы

Барысхан көшесi №54, "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Байзақ аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқықығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Талас фельдшерлік-акушерлік тірегі ғимаратының алдында

35

Тегiстiк ауылы

Қарабөгет көшесi №1, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Ә.Жанқұлиев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама қарсы

36

Тегiстiк ауылы

Байназар көшесі №8, "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Байзақ аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқықығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Тегістік медициналық тірегі ғимаратының оң жағында

37

Төрегелді ауылы

Қайнар көшесі №1 үйдің алдында

38

Төрткүл ауылы

Бірлік көшесi №41А, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Бағара бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама қарсы

39

Түймекент ауылы

Александр Нахманович көшесi №44, "Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Әл-Фараби атындағы мәдениет үйі" коммуналдық қазынашылық мемлекеттік кәсіпорны Түймекент ауылдық мәдениет үйі ғимаратына қарама қарсы

40

Үлгiлi ауылы

Жақыпбай Мырзабаев көшесi №126, "Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әл Фараби атындағы мәдениет үйі" коммуналдық қазынашылық мемлекеттік кәсіпорны Үлгілі ауылдық клубы ғимаратының сол жағында

41

Үшбұлақ станциясы

Жолмахан Жылқыбаев көшесi №20 үйдің алдында

42

Шахан ауылы

Жамбыл және Мұхтар Әуезов көшелерінің қиылысында

43

Қайнар ауылы

Бірлік көшесi №7 үйдің алдында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады