Қазақстан Республикасының Экология кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Байзақ ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 19-7 шешімінің (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 қарашада № 3571 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байзақ аудандық | |
мәслихат төрағасы | Б. Акбаев |