Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аудан, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 наурыздағы №114 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3761 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауданының әкімі | Е. Кыдыралыулы |