"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жуалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Жуалы аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы №26-12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2165 болып тіркелген) шешімі;
2) "Жуалы аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 3 сәуірдегі №25-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3788 болып тіркелген) шешімі.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жуалы аудандық | |
мәслихатының төрағасы | З. Бурлибаев |