Жуалы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 142 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 12 маусымда № 5039 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Жуалы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жуалы ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы А. Жабағы

  Қаулысына қосымша

Жуалы ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Аудан, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Жуалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі №128 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3806 болып тіркелген).

      2. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жуалы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 мамырдағы №237 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2253 болып тіркелген).

      3. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жуалы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 мамырдағы №237 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы №61 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2499 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады