"Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жуалы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 237 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 61 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 05 ақпанда № 2499 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 142 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің 09.06.2023 № 142 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жуалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жуалы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 237 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2253 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 шілдедегі №75-76 аудандық "Жаңа өмір-Новая жизнь" газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген қаулымен бекітілген "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:

      16 тармақ мынадай редакцияда толықтырылсын:

      7 түрі бойынша азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу (тууды, некені қию, некені бұзу, әке болуды анықтау, қайтыс болуды, бала/қыз асырап алу, тегін, атын және әкесінің атын ауыстыруды тіркеу);

      -азаматтық хат актілерін тіркеу бойынша қайталама куәліктер, анықтамалар беру;

      -"АХАЖ ТП", ХҚКО ИАЖ" жүйесін жүргізу;

      -e.gov.kz электронды Үкімет порталы бойынша қызмет көрсету;

      -азаматтық хал актілерін тіркеу туралы ақпараттық қызмет көрсету;

      -мемлекеттік органдарымен қарым-қатынас орнату және тізім, есеп беру;

      -бақылау, қадағалау өкілеттілігі берілген мемлекеттік органдарына ақпарат беру;

      -өзінің өкілеттігі бойынша азаматтарға құқықтық көмек көрсету (Минск, Кишинев Конвенция бойынша);

      -азаматтардың жүгінуі бойынша қызмет көрсету;

      -нотариус, адвокаттардың сұранысы бойынша жауап қайтару;

      -әділет органдарына есеп беру;

      -мемлекеттік ұйым, органдарынан олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты сұрату және алу;

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қанат Оспанұлы Аққоевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Құлекеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады