"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылының шекараларының жалпы көлемі 1109,479 гектар болып белгіленсін.
2. Шақпақ ауылдық округі Т.Дүйсебайұлы ауылының шекараларының жалпы көлемі 1009,2798 гектар болып белгіленсін.
3. Шақпақ ауылдық округі Ынтымақ ауылының шекараларының жалпы көлемі 357,978 гектар болып белгіленсін.
4. Шақпақ ауылдық округі Амансай ауылының шекараларының жалпы көлемі 1349,8366 гектар болып белгіленсін.
5. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және аудандық мәслихаттың әкімшілік-аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
6. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімнің міндетін | |
уақытша атқарушы | А. Жабағы |
Жуалы аудандық | |
мәслихаты төрағасының | |
міндетін атқарушысы | Э. Абишева |