"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылының шекараларының жалпы көлемі 1187,4111 гектар болып белгіленсін.
2. Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылының шекараларының жалпы көлемі 600,3926 гектар болып белгіленсін.
3. Ақтөбе ауылдық округі Күркіреусу ауылының шекараларының жалпы көлемі 320,996 гектар болып белгіленсін.
4. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және аудандық мәслихаттың әкімшілік-аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
5. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімнің міндетін | |
уақытша атқарушы | А. Жабағы |
Жуалы аудандық | |
мәслихаты төрағасының | |
міндетін атқарушысы | Э. Абишева |