Жуалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 12-6 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 12 желтоқсанда № 5127 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жуалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Жуалы ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 29-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3908 болып тіркелген) шешімі;

      2) "Жуалы ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 шілдедегі № 49-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4301 болып тіркелген) шешімі.

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жуалы аудандық
      мәслихатының төрағасы З. Бурлибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады