Жуалы ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 шілдедегі № 49-3 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 шілдеде № 4301 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы №12-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 11.12.2023 №12-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 31.03.2022 № 21-7 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілед) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 6 тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Жуалы аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жуалы ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 31-3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2260 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 маусымдағы "Жаңа өмір" – "Новая жизнь" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Жуалы ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      3. Жуалы ауданының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың әкімшілік аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Г. Мусаханова
      Аудандық мәслихат
      хатшысы Е. Тлеубеков

  Жуалы аудандық мәслихатының
2019 жылғы 26 шілдедегі
№ 49-3 шешіміне 1 қосымша

Жуалы ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

      Ескерту. 1 -қосымша жаңа редакцияда - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 31.03.2022 № 21-7 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілед) шешімімен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жуалы ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 707 қаулысына сәйкес әзірленді және Жуалы ауданында ауыл, ауылдық округ, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдың, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдың, ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауыл, ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауыл және ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

      Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол тиісті ауыл және ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.

  Жуалы аудандық мәслихатының
2019 жылғы 26 шілдедегі
№ 49-3 шешіміне 2 косымша

Жуалы ауданының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Ауыл, ауылдық округі, көше, көппәтерлі тұрғын үй атаулары

Өкілдерінің сандық құрамы (адам)

Б.Момышұлы ауылы

Шығыс көшесі

1

Ынтымақ көшесі

1

Бәйдібек батыр көшесі

1

Ш.Қалдаяқов көшесі

Қойкелді батыр көшесі

1

Боранды көшесі

8 наурыз көшесі

Қ.Рысқұлбеков көшесі

1

Желтоқсан көшесі

А.Иманов көшесі

Ақсай көшесі

Тәуелсіздік көшесі

А.Тұрысбеков көшесі

1

Ақтерек тұйығы

Абылай хан көшесі

Жеңіс көшесі

Е.Сауранбекұлы көшесі

1

Жамбыл көшесі

Д.Қонаев көшесі

1

Бәйтерек көшесі

1

Ақментей батыр көшесі

Алатау көшесі

Рысбек батыр көшесі

1

Мыңбұлақ тұйығы

1

З.Толымбаев көшесі

В.Латикант көшесі

З.Елшібаев көшесі

1

Б.Момышұлы көшесі

Қазыбек би көшесі

Қ.Ералиев көшесі

1

Т.Тастандиев көшесі

Әйтеке би көшесі

Н.Тұрысов көшесі

1

Қ.Түрікбаев көшесі

1

С.Бейбарыс көшесі

1

Ұлан көшесі

1

Төле би көшесі

1

Достық көшесі

Достық-2 көшесі

Қ.Иманбекұлы көшесі

1

Қ.Қошмамбетов көшесі

1

Д.Пахомов көшесі

1

Шетбұлақ көшесі

1

Жастар көшесі

Т.Рысқұлов көшесі

1

Батырбек датқа көшесі

С.Мұқанов көшесі

1

М.Әуезов көшесі

С.Сейфулин көшесі

1

Әулие бастау көшесі

Бейбітшілік көшесі

1

Мұнайшы көшесі

Парасат көшесі

Жібек жолы көшесі

1

Қожық батыр көшесі

Игілік көшесі

1

Б.Үсенов көшесі

Бірлік тұйығы

1

Ш.Үлеков көшесі

А.Оразбаева көшесі

1

Б.Сафинов көшесі

1

Абай көшесі

1

Абай тұйығы

М.Мәметова көшесі

1

С.Күшәнов көшесі

Ы.Алтынсарин көшесі

1

Наурыз көшесі

Б.Қойбақов көшесі

1

Л.Сейтбеков көшесі

Көктем көшесі

Жуалы көшесі

Әл-Фараби көшесі

1

Е.Баймұханбетов көшесі

Ақжол көшесі

Ш.Уәлиханов көшесі

1

Жанқожа батыр көшесі

1

Егеменді тұйығы

1

Ғ.Мұратбаев көшесі

1

Пахомов тұйығы

1

2-Пахомов тұйығы

Фестивальная тұйығы

1

1-Совхозная тұйығы

2-Совхозная тұйығы

Ақсай ауылдық округі

Қайрат ауылы

Абай көшесі

1

Төле би көшесі

2

М.Әлімбекұлы көшесі

1

Садыбай батыр көшесі

Ә.Беделбаев көшесі

1

Т.Рысқұлов көшесі

1

О.Тәукебаев көшесі

1

Ә.Молдағұлова көшесі

1

А.Байтұрсынов көшесі

1

Дихан ауылы

Жамбыл көшесі

1

Шоқан батыр көшесі

1

Ы.Байділда көшесі

1

Ақтөбе ауылдық округі

Бәйтерек ауылы

Шұғыла көшесі

1

Ынтымақ көшесі

1

Еңбекші көшесі

1

Сұлукөл көшесі

1

Көлсай көшесі

1

Алаш көшесі

1

Т.Құрманалы көшесі

1

Алатау көшесі

1

Ақбастау көшесі

1

Шеп көшесі

1

Жаңаталап ауылы

Расылхан көшесі

1

Ақмолда көшесі

1

Өсерхан көшесі

1

Сұлтанмұрат көшесі

1

Күркіреусу ауылы

Сұлусай көшесі

1

Билікөл ауылдық округі

Қарабастау ауылы

Бәйдібек көшесі

1

Абай көшесі

1

Қойкелді көшесі

1

Қ.Қошмамбетов көшесі

1

М.Таржанов көшесі

1

С.Слямханов көшесі

1

Жамбыл көшесі

1

А.Алимбетов көшесі

1

Дарбаза ауылы

Дарбаза көшесі

1

Жылыбұлақ ауылы

Тас жол көшесі

1

Орталық көшесі

1

Жылыбұлақ көшесі

1

Әбдіқадыр ауылы

Б.Спатаев көшесі

1

Боралдай ауылдық округі

Көлтоған ауылы

Д.Қонаев көшесі

2

Абай көшесі

Қ.Ералы көшесі

2

Төле би көшесі

1

Жамбыл көшесі

1

Б.Сейділда көшесі

1

Рысбек батыр көшесі

1

Ә.Жұмағұлұлы көшесі

1

Б.Момышұлы көшесі

Ертай ауылы

Е.Оразалиев көшесі

1

Тиесарық көшесі

1

Л.Көпбаев көшесі

1

Ж.Қонашев көшесі

1

Б.Ертаев көшесі

1

Рысбек батыр ауылы

Рысбек батыр көшесі

1

О.Ауғамбаев көшесі

1

Жетітөбе ауылдық округі

Кәріқорған ауылы

М.Қожаназаров көшесі

2

М.Үсіпбеков көшесі

1

Қ.Шайдуллинұлы көшесі

1

Тасбастау ауылы

Б.Үсіпбаев көшесі

2

Қоңыртөбе ауылы

М.Құттыбаев көшесі

2

Ә.Құттыбаев көшесі

2

Б.Баратұлы көшесі
Ғ.Досаев көшесі

1

Шымбұлақ ауылы

Б.Абыралыұлы көшесі

2

Қ.Естайұлы көшесі

1

Мырзатай көшесі

1

Қосмұрат ауылы

А.Рақышұлы көшесі

1

Майбұлақ ауылы

Қалқаман көшесі

1

Көкбастау ауылдық округі

Теріс ауылы

Тәліп көшесі

1

Бектеміс көшесі

2

Ы.Алтынсарин көшесі

1

Н.Замбаев көшесі

Қ.Рысқұлбеков көшесі

1

Бақалы ауылы

Қызыл дихан көшесі

1

Қосбөлтек ауылы


О.Жапарқұл көшесі

2

А.Қойбақов көшесі

2

Көктөбе ауылы

А.Иманалыұлы көшесі

1

Жамбыл көшесі

1

Ленин көшесі

1

Күреңбел ауылдық округі

Күреңбел ауылы

Қарабастау көшесі

4

Жуалы көшесі

2

Бейбітшілік көшесі

2

Қаратас ауылы


А.Байшаханов көшесі

2

Қарасаз ауылдық округі

Қарасаз ауылы

Жамбыл көшесі

1

Бірлік көшесі

1

Гагарин көшесі

1

Нұрлыжол көшесі

1

Абай көшесі

1

Ы.Алтынсарин көшесі

1

Бейбітшілік көшесі

1

Ақбастау ауылы

Қойкелді көшесі

1

Береке көшесі

1

Қ.Рысқұлбеков көшесі

1

Төле би көшесі

1

Жүрімбай ауылы

Жеңіс көшесі

2

Болашақ тұйығы

1

Қарасу ауылы

Ақжол көшесі

3

Көктас ауылы

Достық көшесі

3

Қошқарата ауылдық округі

Қошқарата ауылы

Абай көшесі

1

Б.Үсенов көшесі

1

Д.Қонаев көшесі

1

Е.Сауранбекұлы көшесі

1

Ақтасты ауылы

Ақтасты көшесі

1

Қызтоған ауылы

Тесік тас көшесі

1

Ж.Бижанов көшесі

Бүргенді көшесі

Қызтоған көшесі

Қызыларық ауылдық округі

Қызыларық ауылы

Т.Тастандиев көшесі

1

Р.Ахметов көшесі

1

С.Жүзбаев көшесі

1

О.Елекбаев көшесі

1

Ө.Үсенбаев көшесі

Сұрым ауылы

Сарымсақ сай көшесі

1

М.Сламбай көшесі

Т.Қостаев көшесі

1

Т.Абдырасыл көшесі

1

Теріс-Ащыбұлақ ауылы

Айнабұлақ көшесі

1

Мереке көшесі

1

Арай көшесі

Алатау ауылы

Орталық көшесі

1

Мөлтек көшесі

1

Шет көшесі

Ақтөбе ауылы

Қайнарбұлақ көшесі

1

Руханият көшесі

1

Жаңатұрмыс көшесі

1

Нұрлыкент ауылдық округі

Нұрлыкент ауылы

Е.Байғазиев көшесі

1

Ынтымақ көшесі

Ақниет тұйығы

Наурыз көшесі

1

Н.Замбаев көшесі

1

Жамбыл көшесі

1

Абай көшесі

1

Көктем көшесі

1

Атакент көшесі

1

Шапағат көшесі

1

Жастар көшесі

1

Достық көшесі

1

Тұран көшесі

Мейірім тұйығы көшесі

Жеңіс көшесі

1

Болашақ көшесі

М.Бектаев көшесі

1

Түктібай ауылы

Е.Сметов көшесі

1

Р.Бердімбетов көшесі

Е.Әуелбеков көшесі

1

Қызыл-Күншығыс көшесі

Қазбастау көшесі

1

Мыңбұлақ ауылдық округі

Көлбастау ауылы

Д.Қонаев көшесі

2

Ә.Рысбек көшесі

1

Б.Майлин көшесі

1

Б.Момышұлы көшесі

1

Қ.Рысқұлбеков көшесі

2

Қарасай батыр көшесі

1

Ә.Байтоқов көшесі

1

Д.Кавешников көшесі

1

Талапты ауылы

Көлбастау көшесі

1

Спатай батыр көшесі

1

Қазыбек би көшесі

1

Б.Момышұлы көшесі

1

Желтоқсан көшесі

1

Шақпақ ауылдық округі

Шақпақата ауылы

Жібек жолы көшесі

1

Желтоқсан көшесі

1

К.Кемелбеков көшесі

Ж.Оразбаев көшесі

1

С.Есімұлы көшесі

1

Д.Пахомов көшесі

1

Т.Рысқұлов көшесі

1

К.Тұртаев көшесі

1

К.Тұрғынбаев көшесі

С.Сүгіров көшесі

1

Ынтымақ ауылы

Б.Момышұлы көшесі

1

Е.Аблаев көшесі

Амансай ауылы

Б.Көпбайұлы көшесі

1

Шақпақ станциясы

Шақпақ көшесі

1

Т.Дүйсебайұлы ауылы

С.Нарбайұлы көшесі

1

Б.Момышұлы көшесі

С.Тотайұлы көшесі

1

Ж.Жабаев көшесі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады