Жуалы ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 12-3 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 15 желтоқсанда № 5132 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 29.03.2024 № 19-6

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 29.03.2024 № 19-6 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жуалы ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесі салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4% - дан 2% - ға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Жуалы аудандық
      мәслихатының төрағасы З. Бурлибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады