Қордай аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдері туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 мамырдағы № 2-5 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 15 мамырда № 5021 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қордай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қордай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қордай аудандық
      мәслихатының төрағасы Н. Садыков

  2023 жылғы 5 мамырдағы № 2-5
шешіміне қосымша

Қордай аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізімі

      1. Қордай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 мамырдағы № 31-7 "Қордай ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2243 болып тіркелген);

      2. Қордай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 наурыздағы № 28-3 "Қордай аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3764 болып тіркелген);

      3. Қордай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 қырқүйектегі № 37-3 "Қордай ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3953 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады