"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және Луговой ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Луговой ауылдық округінің Луговой ауылының төмендегі көшелері:
Степная көшесін Арай көшесіне;
2-я Луговская көшесін Ақсарай көшесіне;
Гостиница көшесін Байқоңыр көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Луговой ауылдық | |
округінің әкімі | М. Сванов |