"Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 4-3 шешiмiне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 6-7 шешімі. Жамбыл облысы департаментінде 2023 жылғы 1 тамызда № 5069 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 14-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 13.12.2023 № 14-4 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 4-3 шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4937 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      6 тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға – 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;";

      7 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) санаторийлік - курорттық емделуден өткен жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға және оларға теңестірілген адамдарға, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына сәйкес еңбек ардагерлері санатына жататын азаматтарға жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген деңгейінен аспайтын мөлшерін ескере отырып, бір рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, санаторийлік – курорттық орындарда емделгені жөніндегі түбіртекті ұсыну бойынша;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Председатель Сарысуского
      районного маслихата Ш. Мусабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады