Жамбыл облысы Шу ауданының кейбір ауылдарының шекараларын белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 292 бірлескен қаулысы және Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 4-7 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 4 шілдеде № 5057 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12- бабының 3) тармақшасына сәйкес Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шу ауданы Ақсу ауылдық округінің Ақсу ауылының шекараларының жалпы көлемі 31 302,44 гектар болып белгіленсін.

      2. Шу ауданы Ақтөбе ауылдық округінің Ақтөбе ауылының шекараларының жалпы көлемі 108 646,4 гектар болып белгіленсін.

      3. Шу ауданы Балуан Шолақ ауылдық округінің Балуан Шолақ ауылының шекараларының жалпы көлемі 100 815,1 гектар болып белгіленсін.

      4. Шу ауданы Далақайнар ауылдық округінің Далақайнар ауылының шекараларының жалпы көлемі 56 815,7 гектар болып белгіленсін.

      5. Шу ауданы Жаңа жол ауылдық округінің Жаңа жол ауылының шекараларының жалпы көлемі 31 302,44 гектар болып белгіленсін.

      6. Шу ауданы Ескі-Шу ауылдық округінің Белбасар ауылының шекараларының жалпы көлемі 57 185,4 гектар болып белгіленсін.

      7. Шу ауданы Көкқайнар ауылдық округінің Көкқайнар ауылының шекараларының жалпы көлемі 38 457,7 гектар болып белгіленсін.

      8. Шу ауданы Қорағаты ауылдық округінің Мойынқұм ауылының шекараларының жалпы көлемі 23 015,8 гектар болып белгіленсін.

      9. Шу ауданы Қонаев ауылының шекараларының жалпы көлемі 29 604,51 гектар болып белгіленсін.

      10. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және маслихаттың шешімінің орындалуын бақылау Шу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      11. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және маслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аким Шуского района
      Жамбылской области Б. Джанибеков
      Шу ауданының
      мәслихат төрағасы Ж. Абенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады