"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2022 жылғы 12 мамырдағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Шу қаласындағы кейбір құрамдас бөліктер келесідей аталсын:
Интернатовский тұйығы Махмұд Қашқари кірме жолы;
Юрий Гагарин көшесін Әйтеке би көшесі;
Валентина Терешкова көшесін Ұлықбек көшесі;
Николай Островский көшесін Қожа Ахмет Йассауи көшесі;
Климент Тимирязев көшесін Құрманғазы көшесі;
Кононенко көшесін Біржан сал көшесі;
Кашперского көшесін Сағадат Нұрмағанбетов көшесі;
М.Джалиля көшесін Тұрар Рысқұлов көшесі;
Аққу көшесін Аманжол Шәмкенов көшесі;
Андрей Волошенко көшесін Кенесары хан көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шу қаласының әкімі | Е. Естияр |