Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі "Аудан, аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" №120 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 8 қарашадағы № 495 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 9 қарашада № 5114 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Шу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Аудан, аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі №120 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3815 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Шу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шу ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысы
      Шу ауданының әкімі Б. Джанибеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады