Ұлытау облысының жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн 2023 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Ұлытау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 16 маусымдағы № 3/39 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 маусымда № 32-20 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 569-бабына, Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38 бабының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ұлытау облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2023 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Б. Шингисов

  Ұлытау облыстық
мәслихатының
2023 жылғы 16
маусымдағы
№ 3/39
шешіміне қосымша

Ұлытау облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2023 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері

№ р/р

Арнаулы су пайдалану түрі

Өлшеу бірлігі

2023 жылға төлемақы мөлшермелері, теңге

I

Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендерінің бассейні

1

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 текше метр

205,77

2

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде

теңге/1000 текше метр

587,04

3

Ауыл шаруашылығы (төмендеткіш коэффицентті есепке ала отырып – 0,5)

теңге/1000 текше метр

84,73

4

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге/1000 текше метр

160,38

5

Су энергетикасы

теңге/1000 килоВатт сағат

-

6

Су көлігі

теңге/1000 тонна километр

-

I I

Торғай, Тобыл, Ырғыз өзендерінің бассейні

1

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 текше метр

184,59

2

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде

теңге/1000 текше метр

526,52

3

Ауыл шаруашылығы (төмендеткіш коэффицентті есепке ала отырып – 0,5)

теңге/1000 текше метр

72,62

4

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге/1000 текше метр

145,25

5

Су энергетикасы

теңге/1000 килоВатт сағат

-

6

Су көлігі

теңге/1000 тонна километр

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады