Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3-бабының 7-тармағына және 6-бабының 2-тармағына сәйкес Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлытау облысының жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Б. Әбдіғалиұлы |
Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 45/01 қаулысына қосымша |
Ұлытау облысының жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
№ | Автомобильжолының индексі | Автомобиль жолының атауы | Жалпы ұзындығы, шақырым |
1 | 2 | 3 | 4 |
Облыстық маңызы бар автомобиль жолдары | |||
Жаңаарқа ауданы | |||
1 | KQ-JА-1 | "Қарағанды-Самарқа-Атасу-Айнабұлақ" шақырым 61-204 | 143 |
2 | KQ-JA-2 | "Астана-Корғалжын-Баршын-Шұбаркөл-Қызылжар" шақырым 228-292 | 64 |
3 | KQ-JA-3 | "Қаражал-Шалғия" шақырым 0-81 | 81 |
4 | KQ-JA-4 | "Қаражал-Ақтау" шақырым 0-61 | 61 |
5 | KQ-JA-5 | "Қаражал-Жамбыл" шақырым 0-72 | 72 |
6 | KQ-JA-6 | "Қаражал-Атасу" шақырым 0-28 | 28 |
Барлығы: | 449 | ||
Ұлытау ауданы | |||
7 | KQ-UA-7 | "Ұлытау-Бозтұмсық-Малшыбай-Сәтбаев" шақырым 0-226 | 226 |
8 | KQ-UA-8 | "Жезқазған-Петропавловск"-"Жезді-Қарсақпай-Байқоңыр-Қоскөл" шақырым 0-221 | 221 |
Барлығы: | 447 | ||
Облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жиыны: | 896 |