Ұлытау облысы мектепке дейінгі ұйымдарында әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды тамақтандыру шығыстарын өтеу туралы

Жаңа

Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 57/01 қаулысы. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 18 қазанда № 60-20 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Білім туралы" заңдарына, "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, "Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірінің бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген), Ұлытау облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Ұлытау облысы мектепке дейінгі ұйымдарында келесі жекелеген санаттардағы мектеп жасына дейінгі балаларға тамақтандыру шығыстары толық өтелсін:

      1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      2) мүгедектігі бар балаларға;

      3) көп балалы отбасылардан шыққан балаларға;

      4) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларынан шыққан балаларға;

      5) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға;

      6) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балаларға.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Әкім Б. Әбдіғалиұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады