2023 жылға арналған Жезқазған қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 23 мамырдағы № 2/14 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 2 маусымда № 25-20 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2023 жылғы 1 қантардан бастап Жезқазған қаласы бойынша туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері болу құнының 5 (бес) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Р. Капарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады