"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Жезқазған қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 12 қыркүйектегі №29/01 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5477 болып тіркелген);
2) Жезқазған қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 26 қарашадағы №37/01 "Жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5544 болып тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жезқазған қаласының әкімі | К. Шайжанов |