Жезқазған қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 7/78 "Жезқазған қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 қарашадағы № 11/65 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 28 қарашада № 74-20 болып тіркелді

      Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жезқазған қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №7/78 "Жезқазған қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4105 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жезқазған қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесінде:

      7 -тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "7. Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынысты қала әкімінің аппаратына шараның өтетін күнінен кемінде жиырма күнтізбелік күн бұрын меншік нысанына қарамастан мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, шығармашылық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары жолдайды.

      Ұсыныста тегі, аты, әкесінің аты, атқаратын лауазымы немесе (ұйымның, ұжымның) ресми атауы көрсетіледі, нақты еңбек және шығармашылық еңбектері, қаланың дамуына қосқан үлесі баяндалған сипаттама беріледі. Ұсынысқа бірінші басшы қол қояды және болған жағдайда мөрмен бекітіледі. 

      Ұсынысқа кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі не ұйымның, мекеменің немесе шығармашылық ұжымның құрылтайшылық құжаттары қоса тіркеледі.";

      10 -тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "10. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді қала әкімі мен қалалық мәслихаттың төрағасы (немесе олардың міндетін атқарушы тұлғалар) Комиссияның оң қорытындысына сәйкес бірлескен өкім шығару жолымен қабылдайды.";

      11-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "11. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Құрмет грамотасын қала әкімі және (немесе) қалалық мәслихаттың төрағасы немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлғалар тапсырады.";

      13-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "13. Құрмет грамотасы папкадан және ішіне салынатын айқарма беттерден тұрады. Папка көк түстен дайындалады. Папканың бет жағында 7х7 көлемінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және "Құрмет грамотасы" жазуы жазылған.

      Құрмет грамотасы А3 форматында дайындалады, 1 биг, қағазы жылтыр, тегіс 250 грамм, түрлі-түсті басу, мемлекеттік символика – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын бейнелеумен екі жағынан алтын түстес. 

      Айқарма беттің ішкі сол жағында: ортада – желбіреген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының түрлі-түсті бейнесі орналасады.

      Айқарма беттің ішкі оң жағында: жоғарғы бөлігінің ортасында – алтынмен басылған "Құрмет грамотасы" жазуы, жазудың астында наградталушының тегі, аты, әкесінің аты, наградталушының еңбектерінің қысқаша сипаттамасы, "наградталады" сөзі бар, қазақ және орыс тілдеріндегі мәтін орналасады. Қазақ тіліндегі мәтін орыс тіліндегі мәтіннің үстінде орналасады.

      Төменгі бөлігінде қала әкімінің және қалалық мәслихат төрағасының қолдары үшін мемлекеттік тілде мәтін орналасады, қол елтаңбалық мөрлермен расталады, қолдан кейін мемлекеттік тілде марапаттау күні көрсетіледі.

      Наградталушының тегі, аты, әкесінің аты жеке басты куәландыратын құжатына сәйкес көрсетіледі.

      Ұйым, мекеме немесе шығармашылық ұжымның атауы құрылтайшылық құжаттарға сәйкес көрсетіледі.

      Айқарма бет комьпютермен терілген көлбеусіз қара түсті шрифтермен, принтерді пайдалана отырып толтырылады. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда айқарма бет қолмен, анық және түсінікті жазумен, түзетулерсіз қара түсті сиямен толтырылады".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Р. Капарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады