Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 06/01 және Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 223 "Сәтбаев қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" бірлескен қаулысына және шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 61/01 бірлескен қаулысы және Қарағанды облысы Cәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 56 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 29 қыркүйекте № 54-20 болып тіркелді

      Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 06/01 және Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 223 "Сәтбаев қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" бірлескен қаулысына және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2601 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Сәтбаев қаласы азаматтарының келесі санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – тегін жол жүру;

      2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – тегін жол жүру;

      3) мәртебесі "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1) тармақшасында айқындалған, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға – тегін жол жүру;

      4) еңбек ардагерлеріне – тегін жол жүру;

      5) зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткерлерге – тегін жол жүру;

      6) бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – тегін жол жүру;

      7) жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – тегін жол жүру;

      8) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға және "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға – тегін жол жүру.".

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қаласының әкімі Ш. Әубәкір
      Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы К. Балмагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады