Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 шілдедегі № 421 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 17 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 сәуірде № 13-20 болып тіркелді. Күші жойылды - Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 133 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 09.02.2024 № 133 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      ШЕШТІ:

      1. Қаражал қалалық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 29 шілдедегі №421 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5999 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      3-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "4) ең төмен күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;";

      5–тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "5. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы"" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.";

      7–тармақтың 6), 8) тармақшалары жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "6) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – 1, 2, 3 топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      әлеуметтік маңызы бар аурулары бар азаматтарға (онкологиялық аурулармен ауыратындар және туберкулездің әртүрлі нысандарымен ауыратындар);"

      "8) 25 қазан - Республика күні - бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдаға және жеті жасқа дейінгі, жетіден он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға;";

      9-тармақтың 3), 5) тармақшалары жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "3) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;

      Туберкулез ауруымен және қатерлі ісікпен ауыратын адамдарға стационарлық емдеуден кейін әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді;";

      "5) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі.

      Әлеуметтік көмек азаматқа (отбасына) өмірлік қиын жағдай туындаған сәттен бастап алты ай ішінде табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан оларға не олардың мүлкіне зиян келтірген жағдайда - тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне табыстарды қоспағанда 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдайға тап болған жағдайда мұқтаждар қатарына жатқызу үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;

      2) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 0,6 еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.";

      10–тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "10. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері кірісті ескере отырып 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерін құрайды.".

      16-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "16. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент әкіміне мынадай құжаттармен қоса өтініш береді:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;

      3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат.

      Құжаттар салыстырып тексеру үшін төлнұсқамен ұсынылады, содан соң құжаттардың төлнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды.";

      17 тармақ алынып тасталсын;

      20–тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "20. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бектілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе кент әкіміне жiбередi.

      Кент әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.";

      Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының 1, 2, 3-қосымшалары алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың төрағасы З. Оспанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады