Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 410 "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 28 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 23 мамырда № 16-20 болып тіркелді

      ШЕШТІ:

      1. Қаражал қалалық мәслихатының "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" 2020 жылғы 24 маусымдағы № 410 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5917 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың төрағасы З. Оспанова

  Қаражал қалалық мәслихатының
2023 жылғы 18 мамырдағы
№ 28
шешіміне қосымша

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

Атауы

1

Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

2

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

3

Толық емес отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

4

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 болып тіркелген) Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есебімен, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы бюджеттiк ұйымдарының мамандары және өзге де салалардағы мамандар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады